Майкрософттың негізін қалаушы Билл Гейтстен Wired сұхбат алды, ол коронавирустық пандемияға оптимистік көзқараста екенін айтты. Миллиардердің айтуынша, ғалымдар COVID-19 вакциналары мен препараттарын жасауда айтарлықтай жетістіктерге жетті, сондықтан көп ұзамай вирус ұмытылуы мүмкін.
Алайда, Гейтстің болжамы бойынша, келесі қысқа дейін пандемияның аяқталуы мүмкін емес.
«Диагностиканы, жаңа емдеу тәсілдері мен вакциналарды жасап шығару қарқынды жүріп жатыр. Осыны ескере отырып, дамыған елдерде пандемия 2021 жылдың аяғында, ал қалған елдерде - 2022 жылдың аяғында аяқталады деп санаймын », - деді Билл Гейтс.
Миллиардердің айтуынша, АҚШ президенті Дональд Трамп вакциналарға күмәнмен қарайды.