Жапондық әнші Ранка жапон тілінде «Көзімнің қарасы» әнін орындау арқылы қазақстандықтарды қазақ ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығымен құттықтады.
Әлемнің барлық елдерін дүр сілкіндірген коронавирустық пандемияға байланысты ол Қазақстан халқына осы сынақтан өтіп, бейбіт өмірге тезірек оралуын тіледі.
Жапондық музыкалық композицияны ұлттық «кото» аспаптың дыбысымен, ал аранжировкасын «Zerosta» өндірістік компаниясы жасады. Әннің сөздерін жапон тіліне Wako университетінің профессоры Хироки Сакаи аударды. Ол қазақ халқының фольклоры мен мифологиялық мұрасы туралы бірнеше кітаптардың авторы, деп хабарлады ҚР СІМ.
Қазақстанның Жапониядағы елшілігі достарының ізгі ниет жобасының мақсаты - Абай шығармашылығының көркемдік-эстетикалық мазмұнын жапон тіліне аудару арқылы қазақ мәдениетін насихаттау.
Ранка - жапон халықтық және заманауи музыканың композиторы және орындаушысы, Japan Record Awards сыйлығының Гран-при иегері.