Сирия бойынша Астана процесінің шеңберіндегі кезекті жоғары деңгейдегі халықаралық кездесу туралы
BAIRAQ.KZ - 2019 жылғы 1-2 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында Астана форматында Сирия бойынша жоғары деңгейдегі 13-ші халықаралық кездесу өтеді деп bairaq.kz хабарлайды тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алдағы кездесуде кепілгер елдері, яғни Иран, Ресей және Түркия, сондай-ақ Сирияның үкіметі мен қарулы оппозициясы өкілдерінің қатысуы жоспарлануда. Бақылаушылар ретінде БҰҰ мен Иорданияның, сондай-ақ Сириядағы дағдарысты реттеу жөніндегі Астана процесіне алғашқы рет қатысатын Ирақпен Ливанның жоғары деңгейіндегі өкілдері сирияаралық келіссөздерге септігін тигізеді.
Кездесу Сириядағы, әсіресе Идлиб провинциясы мен елдің солтүстік-шығысындағы қазіргі ахуалды талқылауға, қақтығысушы тараптар арасындағы сенімді нығайтуға және саяси процесті одан әрі ілгерілетуге, сондай-ақ Сирия бойынша конституциялық комитетті құру және іске қосу бойынша жұмысты аяқтауға баса назар аударады.
1 тамызда екіжақты және көпжақты, соның ішінде Сирияның үкіметі мен қарулы оппозициясы өкілдерінің қатысуымен, алдын-ала консультациялардың өткізілуі жоспарлануда, ал жалпы отырыс 2 тамызда өтеді.