Колорадо штатының Моррисон қаласында тиіндерден бубонды обаның оң нәтижесі анықталды.
Оба - бұл Yersinia pestis бактериялары тудыратын жұқпалы ауру және оны адамдар мен үй жануарлары жұқтырып алуы мүмкін, деп хабарлайды денсаулық сақтау департаменті.
Бірақ тиісті сақтық шараларымен оба жұқтыру қаупі өте төмен.
Мысықтар обаға өте сезімтал және антибиотиктермен уақтылы емделмеген жағдайда өлуі мүмкін. Мысықтар обаны бүрге шағып алудан, кеміргіштерді жеген кезде жұқтырады. Иттер обаға соншалықты сезімтал емес, бірақ олар оба жұқтырушы бүргелерді тасымалдайды, делінген хабарламада.
Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті үй жануарларының иелеріне, ветеринармен жұмыс істеуге кеңес берді. Сонымен қатар, жабайы тіршілік ортасында тұратын үй жануарларының иелері бүргеге қарсы күресу керек.
Оба симптомдары жоғары температура, қалтырау, бас ауруы және жүрек айну. Алайда обаны антибиотиктермен және ерте диагноз қою арқылы емдеуге болады.
Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті обаға қарсы сақтық шараларын ұсынды.
Сонымен, үй аумағында жабайы жануарларға арналған барлық тамақ көздері мен қора-жайларды жою қажет. Жабайы жануарларды тамақтандырмаңыздар. Ауланы таза ұстаңыз, ауру немесе өлген жабайы жануарлардан сақ болыңыз. Үй жануарынан күдік алсаңыз оны ветеринар тексеруі керек. Үй жануарларын жабайы жануарлармен байланыста болатын еркін серуенге жібермеңіздер.