Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы басшылығы Қазақстанда соңғы уақытта өршіп кеткен пневмонияны коронавирус болуы мүмкін деп отыр. бұл туралы ДДСҰ жобалаушы директоры Майкл Райан айтты.
Оның айтуынша, біздің елде науқастарға қате диагноз қойылып отыр. Райан осы бағытта жұмыс істеліп жатқанын, Қазақстандағы аппараттардың дәлдігін тексерістен өткізгелі отырғанын айтып өтті.
9-шілде күні Қазақстандағы Қытай елшілігі «белгісіз пневмония» індеті басталғаны туралы ақпарат таратқан. Бұл ақпарат қытайлық басылымдар арқылы әлем шарлап кетті.
Артында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі аталмыш ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.
9-шілде күні өткен брифингте министр Алексей Цой елде бактериялық, саңырауқұлақ, вирустық пневмониялар бар екенін, қазір өршіп тұрғаны вирусты пневмония екенін жеткізді.
Кеше мемлекет басшысы пневмонияның өршіп кеткенін, ұны төтенше жағдай ретінде қарау керек екенін айтты.