Германия канцлері Ангела Меркель АҚШ алдағы уақытта әлемдік көшбасшы рөлін атқарудан бас тартуы мүмкін екенін, бұл мәселе төңірегінде Еуропа елдері ойлануы керек екенін алға тартты.
«Біз «АҚШ әлемдік держава» деген оймен өстік. Егер қазір АҚШ бұл рөлді атқаруды доғаратын болса, біз дұрыстап ойлануымыз керек», - деді канцлер.
Меркельдің сөзі Трамптың Германия тарапы қорғаныс үшін қажетті қаражатты бөлмегендіктен НАТО ұйымының бөлімшелерін ел аумағында азайту туралы шешіміне жауап болды.
Меркельдің айтуынша, Германия өзінің әскери әлеуетін арттыруға күш сала береді.
«Әлемге қараңыз, Үндістан мен Қытайға қараңыз. Трансатлантикалық қорғаныс қауымдастығын сақтап қалуға негіз бар», - деп түйді Меркель.