Әзірге коронавирустық инфекцияға қарсы бірде-бір дәрі тіркелмеген. Антибиотиктерді «алдын-алу үшін» қабылдау тек жағдайды нашарлатады. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің эпидемиология және дәлелді медицина кафедрасының доценті Рафаил Кипшакбаев, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қоғамдық кеңесінің отырысында айтты.
Бағаның өсуі халықтың дәрі-дәрмекті жаппай сатып алып, өз бетінше қолдана бастағанына байланысты. Есіңізде болсын: бүгінде дәріханаларда ұсынылған барлық вирусқа қарсы препараттар COVID-19-ға қарсы көмектеспейді. Оларды сатып алудың қажеті жоқ! Олар маусымдық тұмаудан сақтауы мүмкін. Әлемде вирусқа қарсы дәрі-дәрмек тіркелген жоқ, деді сарапшы.
Антибиотиктерді жаппай сатып алу жағдайды тек нашарлата түседі, - дейді Рафаил Кипшакбаев. Дәріханалардағы бағалар сұраныстың артуына байланысты өсуде.