Итальяндық жұқпалы аурулар жөніндегі маман Маттео Бассетти коронавирус инфекциясы азырақ қауіпті болды және өздігінен жоғалып кетуі мүмкін деп санайды. Оның пікірінше, бұл генетикалық мутацияларға байланысты болуы мүмкін.«Наурызда және сәуірдің басында жағдай мүлдем басқаша болды. Ауруханаға адамдар өте ауыр жағдайда келді. Оларға оттегі мен жасанды желдету қажет болды», - деді Бассетти.
«Менің ойымша, иммунды жүйеміз жауап бергендіктен, вирус мутацияға ұшырады деп ойлаймын, оның үстіне қазір маскалар кию және әлеуметтік қашықтық сақтау тәртібі қалыптасқан», - деді ол.
«Наурыз және сәуір айларында коронавирус агрессивті жолбарыс сияқты көрінді, ал қазір ол жабайы мысыққа ұқсайды. Тіпті 80 жастан 90 жасқа дейінгі пациенттер де қазір өздігінен тыныс алуда. Бұрын сол науқастар екі-үш күнде көз жұматын еді», - деді Маттео Бассетти.
Дәрігердің айтуынша, ғалымдар вакцина жасап шығармастан бұрын вирус жойылуы мүмкін.Алайда, тағы бір маман әріптесіне қарсы шықты. Эксетер университетінің медицина факультетінің профессоры Барат Панкханиидің айтуынша, вирустың жойылуы бірнеше жылдарға созылуы мүмкін.