Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігі Ресей президенті Владимир Путиннің Екінші дүниежүзілік соғыс туралы мақаласына қатысты пікір білдірді.
Ведомствоның мәліметінше, ұлтшылдық-басқыншылықты жеңу жолында КСРО, Ұлыбритания, АҚШ сияқты одақтас мемлекеттер тізе қоса әрекет еткен.
«Біздің ортақ тарихымыз мемлекеттік саяси құралы ретінде қолданылуына немесе олардың көзқарасына қарай қайта жазылуға жол берілмейді», - деді Ұлыбритания СІМ.
Айта кетейік, Путиннің «Екінші дүниежүзілік соғыстың 75 жылдығындағы шынайылықтар» атты мақаласы The National Interest атты америкалық журналда жарияланды.