Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп Twitter парақшасында Қытаймен қарым-қатынас қандай жағдайда толық үзілетінін мәлімдеді. «Елші Лайтхайзердің кінәсі жоқ, мүмкін мен түсініксіз айтқан шығармын. Бірақ саяси нұсқа ретінде АҚШ-тың кей жағдайда Қытаймен қарым-қатынасты мүлде үзетінін жоққа шығармаймын. Рахмет!» - деп жазды Трамп.
Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын Трамп ұйғырлардың құқығын аяққа таптағаны үшін Қытайға санкция жариялайтын заңға қол қойды.