Коронавирус – жылдам өзгеретін әрі көлемі жағынан өте кішкентай вирус. Коронавирусты қоздыратын жаңа вирустың түрі Панамада анықталып, A2 PAN деген атау беріліпті.
Ғалымдардың айтуынша, бұл вирустың пайда болуына SARS-CoV-2 вирусының бес елден келген түрінің қосылып, мутацияға ұшырауы себеп болған.
«Вирустың жаңа түрі анықталып отыр, сәйкесінше оған A2 PAN деген атау бердік», - деп мәлімдеді Горгас атындағы денсаулық сақтау институтының директоры.
Панамада 20 686 адам коронавирус жұқтырып, 13 766 адам жазылса, 437 адам бақилық болыпты.