Бес адам, оның ішінде 15 жастағы қыз Эболадан қайтыс болды. Конго Демократиялық Республикасында жаңа індет анықталды.
ЮНИСЕФ-тің хабарлауынша, барлығы тоғыз жағдай тіркелген. Науқастар 18 мамыр мен 30 мамыр аралығында қайтыс болған.
Бұған дейін ДДСҰ-ның басшысы Тедрос Гебрейесус елдің солтүстік-батыс экваторлық провинциясында аурудың алты жағдайы анықталғанын айтқан.
Орталық Африка Республикасында коронавирустың 3195 жағдайы және 72 адамның өлімі тіркелген. Бүгінгі таңда елдегі ең жаман індет - қызылша ауруын 370 мыңға жуық адам жұқтырған. Аталған ауру салдарынан 2019 жылдан бері 6779 адам қайтыс болды.
ДДСҰ болжамы бойынша Конго Демократиялық Республикасында Эбола вирусының өршуі күтіледі.
Естеріңізге сала кетейік, індет 2014-2016 жылдары Либерия, Сьерра-Леоне және Гвинеяда тіркелген. Бұл індет кезінде 28000-нан астам адам жұқтырып, 11000-нан астам адам көз жұмған болатын.