АҚШ президенті Дональд Трамп «жетілік» саммитін маусым айының соңынан қыркүйек айына шегеріп, оған Ресейді, Оңтүстік Кореяны, Австралия мен Үндістанды шақыруды жоспарлап отыр. бұл туралы АҚ үйдің баспасөз қызметі хабарлаған.
«Ол қыркүйек айына дейін саммитке Ресейді, Оңтүстік Кореяны, Австралия мен Үндістанды шақыратынын айтты. Өзінің айтқандарын баспасөзде қолда беруге рұқсат берді», - деп жазды баспасөз қызметі.
«Мен «жетіліктің» әлемдегі жағдайларды шешуге қауқары толық жетеді деп ойламаймын. Бұл – елдердің шаршаған тобы», - деді Трамп.
Ақ үйдің стратегиялық коммуникация бойынша директоры Алисса Фара кеңейтілген саммит «Қытай тағдырын» толық талқылауға мүмкіндік беретінін айтады.