Ресей президенті Владимир Путин ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа коронавирус жағдайындағы қолданылатын шараларды ақылдасу мақсатында қоңырау шалды.
«Екі тарап қазіргі жағдай туралы және қолданылып жатқан шаралар туралы ақпарат алмасты. Сондай-ақ, тараптардың ЕАЭО аясындағы серіктестік қарым-қатынасы талқыланды. Әңгіме соңында Путин мемлекет басшысын 24-маусымда Қызыл алаңда өтетін «Жеңіс парадына» шақырды», - деп жазды Ақорда сайты.
Қолда бар мәліметке сүйенсек, Путиннің шақыруы өте сыпайым әрі достық көзқарасты болған-мыс.
Бірнеше сағат бұрын Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойының қарсаңындағы парад 24-маусым күні Қызыл алаңда өтетіні хабарланған.