ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғаннан үндеу келіп түсті. Түрік көшбасшысы өз үндеуінде Қазақстанның коронавирус инфекциясының алдын-алу шараларына өте жоғары баға берген.
«Біз Қазақстанның коронавирусқа қарсы қолданып жатқан шараларын мұқият бақылап отырмыз. Алдымен, індетпен күресте алдыңғы шепте жұмыс істеп жатқан медицина қызметкерлеріне алғыс айтамын. Қазақ халқы бұл індетті жеңіп шығады деген үміттемін. Біз бауырлас Қазақстанға кез келген уақытта көмек қолын созуға дайынбыз», - деді ол.
Сондай-ақ, Ердоған коронавирустан қайтыс болған қазақстандықтардың отбасына, туыстарына көңіл айтты. Науқастардың тез жазылып шығуына тілектестік білдірді.
Ердоған індет аяқталған соң екіжақты серіктестікті нығайтып, бауырлас халықтар мен тарих тұтастығы нәтижесінде жетістіктерге жететінімізді айтты.