Covid-19 in the world: Төтенше жағдай 10-шілдеге дейін созылды
Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны күн санап өсіп барады. Ал әлемдегі ахуалы, тіпті, мүшкіл. Осыған сәйкес, індеттен қатты зардап шеккен мемлекеттердің бірі – Франция Төтенше жағдай режимін 10-шілдеге дейін созды.
Аталған құжатқа Сенат депутаттары дауыс берді. Құптаған депутаттар саны – 252, қарсы болғандар саны – 87.
Францияда Төтенше жағдай режимі 24-наурыздан енгізілген еді. Екі айға жоспарланған санитарлық уақыт аралығында мемлекет билігі парламенттің келісімінсіз елдегі қозғалысты шектеуге, басқа да шаралар қолдануға құқылы болды.