Украина президенті Владимир Зеленский Сихаил Саакашвилиді Реформолар комитетінің басшысы етіп тағайындады. Зеленскийдің тағайындау туралы бұйрығы кеше жарыққа шыққан.
«Михаил Николозовичті жаңа қызметімен шын жүректен құттықтаймын. Ол Ұлттық реформалар кеңесіне көмектесіп, елдегі тұрмыстың жақсаруына ықпал етеді деп сенемін», - деді Зеленский.
Жарлық жарияланған күннен бастап күшіне енбек. Жарлықта елдегі реформалар нысандарының да қызмет жоспарына бірқатар өзгерістер енгізу туралы айтылған.
2017 жылы Украинаның экс-президенті Петр Порошенко Грузияның бұрынғы президенті және Одесса облыстық мемлекеттік админстрациясының басшысы Михаил Саакашвилиді қызметтен босатып, азаматтығынан айырған. Кейін Саакашвили Польшада бас сауғалады.
Өткен жылдың мамыр айында Зелденский Саакашвилиге Украина азаматтығын қайта берді. Ал 2020 жылдың 22-сәуірінде Зеленский Саакашвилиге реформалар бойынша вице-премьер болуға ұсыныс жасап, Саакашвилидің келіскені туралы ақпарат тараған-ды.
Ал Грузия әлі күнге дейін Саакашвилидің экстрадициясын талап ететінін, оның үкіметте қызметке тағайындалуы екі мемлекеттің арақатынасын нашарлататынын айтуда.