ҚР Сыртқы істер министрлігі Алматыдағы Орталық анықтамалық зертханасының төңірегіндегі бірқатар сұрақтарға нүкте қойды. Көпшілік бұл зертханада биологиялық қару жасалады деп күдіктенеді-мыс.
«Қазақстанда ешқандай биологиялық қару жасалмайды, ешқандай мемлекетке қарсы тексеру жұмыстары жүргізілмейді. Зертхана Қазақстанның ғылыми әлеуетін арттырып, зерттеулердің қауіпсіздігін қаматамасыз ету үшін қажет. Мемлекетте мұндай ғылыми орталықтың болуы биологиялық қару қаупі төнгенде ұлттық қауіпсіздікті сақтау үшін қажет болуы ықтимал», - деп жазылды СІМ хабарламасында.
Министрлік елімізде адам мен жануарға бірдей қауіпті оба, тырысқақ, сүзек сынды аурулардың ошағы әлі сақталып келе жатқанын айтады.
«Бұл зертхана халықтың денсаулығын қорғау мақсатындағы өндірістік-зерттеу нысаны», - деп түсіндірді СІМ.
«Зертхана ҚР мен АҚШ арасындағы ортақ нысанды алмастыру үшін құрылған. Жаппай жойып жіберетін қаруалардан сақтанатын орталық Нанна-Лугара бағдарламасы бойынша АҚШ-тың Сыртықы істер министрлігінен қаржыланып, Қазақстанның, Беларусьтің, Ресейдің, Украинаның қауіпсіздігін қорғады», - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі орталық анықтамалық зертхана тек Қазақстан Республикасының құзырында. Зертхананың барлық қызметкерлері мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Зертхана кез келген шешімді Білім және ғылым, Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылық министрліктерімен ақылдасып қабылдайды.
Еске сала кетейік, бірер күн бұрын Ресей баспасөзінде Алматыдағы орталық анықтамалық зертхананы биологиялық қару өндіретін орталық деп атаған материалдар көрініс берген.