Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын жүрегіне жасалған операцияны көтере алмай, қайтыс болды. Бұл туралы «New York Post» және жапон басылымдары жазуда.
Қолда бар ақпаратқа сенсек, Ким Чен Ын отадан кейін ес-түссіз комада жатып, о дүниеге аттаныпты. Десек те, бұл ақпарат әлі ресми расталмады.
Бірнеше күн бұрын Daily NK басылымы кореялық көшбасшының денсаулығы нашар деп ақпарат жариялаған. Ал «Иомиури» атты жапон басылымы КХДР басшылығына марқұмның кіші қарындасы Ким Ё Чжон келеді деп санайды.