Қытай Халық Республикасының Жалпы Ішкі Өнімі 2020 жылдың бірінші кварталында 6,8 пайызға дейін қысқарды. Бұл көрсеткіш ең соңғы рет 1976 жылы орнаған екен.
ҚХР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, наурыз айында ел экономикасы үлкен қысымды бастан өткерген. Әсіресе өндіріс саласы, сауда нарығы және инвестиция саласы қатты зардап шегіпті.
Жұмыссыздық деңгейі наурыз айында 5,9 пайызға жеткен. Қаңтар және ақпан айларында бұл көрсеткіш 6,2 пайыз еді. Бұл пайыздық үлесте жұмысшы-мигранттар есептелмейді. Олардың көпшілігі пандемияның кесірінен Қытайдан шыға алмай қалған-ды.