Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерреш 2020 жылы коронавирус пандемиясының негізінде келген рецессия кезінде жүз мыңдаған балалар қыршын кетуі ықтимал екенін жеткізді.
БҰҰ бас хатшысы коронавирустың кесірінен туындап отырған дағдарыс уақытында балалардың қандай зардап шегетіні туралы баяндама жасады.
«Коронавирус пандемиясы адамдардың табысына орасан зор шығын әкелді. Аз қамтылған отбасылар тамақтан тарыға бастады, ал бұл балалардың денсаулығына тікелей әсер етеді», - деді Гутерреш.
Бас хатшының айтуынша, коронавирустың алдын алу шараларының нәтижесінде балалар қашықтан оқи бастады. Дегенмен, мектеп – әлемдегі 310 миллион баланың тамақ асырайтын орыны екен.
«Бірнеше мемлекетте коронавируспен күрес кезінде жұқпалы індеттерге қарсы екпелер жасалмауда. Осының кесірінен балалардың өміріне қауіп төнуі мүмкін», - деді бас хатшы.
Оның айтуынша, әр мемлекет тек коронавируспен емес, жүйелі түрде жұқпалы ауруларға қарсы екпе мен азық-түлік мәселесін қамтамасыз ету керек. Кері жағдайда балалар өлімі күрт артып, соңғы үш жылдағы жетістіктерді шайып кетуі мүмкін-мыс.