16-сәуір күні Украина мен Донецк Халық Республикасы Донбасстағы қақтығыс барысында қолға түскен тұтқындармен алмасты.
Тұтқындармен алмасу процесі Горловка қаласы Майорск ауданында өтті. Процессті ЕҚЫҰ қызметкерлері мен ДХР және Украина өкілдері бақылап тұрды.
Коронавирусты таратпау мақсатында барлық қызметкерлер және тұтқындар маска киді.
«11-ге 9»: «Новости Донбасса» сайтының мәліметінше, алмастырылған тұтқындар саны осындай. Тұтқындар алмасу үрдісі бірінші рет 2014 жылдың 25-маусымында өткен-ді.