ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев басқа елдерге Қазақстан атынан гуманитарлық көмек жіберілетінін мәлімдеді.
«Қазақстан Орта Азия елдерімен достық қарым-қатынаста екендігінің белгісі ретінде мұқтаждық болған жағдайда гуманитарлық көмек жіберуге дайын», - деді Тоқаев.
Еске сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда коронавирус өршіп, артынша бүкіл әлемді шарпыды. Миллионнан астам адам инфекция жұқтырып, мыңдаған адам өмірімен қоштасты.
Қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирус жұқтырған адамдар саны 685-ке жетіп, 47 адам емделді. Өкінішке орай, 6 адам қайтыс болды.
Көпшілік гуманитарлық көмектің халыққа қажет екенін айтуда. Дегенмен, достық қиындықта сыналатыны да белгілі. Орта Азия елдерінің көпшілігі бауырлас халықтар екенін ұмытпаған абзал.