Төтенше жағдайлар министрлігі Түркиядағы тонау жағдайларына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұған дейін БАҚ-та қарақшыларға байланысты шетелдік құтқарушылар апат аймағынан кетіп жатқаны туралы ақпарат пайда болды. Атап айтқанда, Израиль, Австрия және Германиядан келген іздестіру-құтқару жасақтарының мүшелері апат аймағында болу қауіпті екені туралы хабарлаған.
Реклама
Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, қазақстандық құтқарушылар апат аймағында болған кезінде өз аумақтарында тонаушыларды кездестірмеген.
"Қазақстандық құтқарушылар жергілікті билік органдарымен және консулдармен үнемі байланыста. Жұмыс жоспарға сай жүргізіліп жатыр. Біздің құтқарушылар апат аймағынан шықпады", - деді Иманқұлов.
Қазіргі уақытта Қазақстан ТЖМ құтқарушылары іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр. Газиантеп қаласына бірінші эшелонмен барған құтқарушылар тәулік бойы екі ауысымда үш учаскеде жұмыс жүргізіп жатыр.