Айналасындағылардың айтуынша, ол коронавирус салдарынан құлдыраған экономика үшін қатты уайымдаған. Осылайша Германиядағы Гессен федералды аймағының қаржы министрі қайтыс болды.
Томас Шефердің мәйітін Хоххайм-на-Майне қаласына жақын жерде темір жол үстінен тапқан.
Шефер қоштасу хатын да қалдырыпты. Ол жерде ел экономикасы үшін қатты уайымдағанын жеткізген. Ол саясатта жиырма жылға жуық, ал соңғы қызметінде тура он жыл қызмет атқарыпты.