Түркияда жер сілкінісі салдарынан 12 391 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Anadolu Agency сайтына сілтеме жасап.
Түркия Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Кахраманмараштағы жер сілкіністері салдарынан 12 391 адам қаза тауып, 62 914 адам жарақат алған.
Еске салайық, бұған дейін 6 ақпанда Түркияның орталығы мен оңтүстік-шығысында, Сириямен шекаралас жерде жойқын жер сілкінісі болғаны хабарланған болатын. АҚШ Геологиялық қызметі мәліметінше, 7,8 балдық жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 04:17-де Газиантеп маңында 17,9 шақырым тереңдікте тіркелген. Кейінгі деректер бойынша, оқиға салдарынан екі елде 7200 адам қаза тапты. Сондай-ақ, Түркияның әр жерінде тұрғын үйлер мен тарихи Газиантеп бекінісі қирады.