Mazir
14 ноя 12:36korilim:545 Sayasat / Halyqaralyq

Мемлекет басшысы Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға жолдаған жеделхатында Ыстанбұл қаласындағы жантүршігерлік лаңкестік әрекеттің салдарынан жазықсыз адамдардың құрбан болғаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

«Осындай қиын сәтте бауырлас түрік азаматтарының қайғысына шын ниетімізбен ортақтаса отырып, Cізге және жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын», – деп жазылған жеделхатта.

Президент қаза тапқандардың жаны жәннатта болуына және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
 Еске салсақ, кеше Ыстанбұлдың Бейоглу ауданындағы Истикляль жаяу жүргіншілер көшесінде жарылыс болды. Жарылыстан 4 адам қаза тауып, 38 адам жараланғаны алдын ала хабарланды.

ҚР Ыстанбұлдағы Бас консулдығы Түркиядағы қазақстандықтарға, әсіресе адамдар көп жиналатын жерлерде барынша сақ болуға кеңес береді.

Қазақстанның шетелдік өкілдігі түрік билігімен байланыста. Зардап шеккен Қазақстан азаматтары туралы ақпарат жоқ.

Ыстанбұлдағы ҚР Бас консулдығының байланыс телефоны +90 212 662 53 49.

Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
Amanat партиясы Мәжіліс сайлауына 119, ал мәслихатқа 3821 кандидат ұсынды13:21Қазақстан көмек көрсетуге дайын. Тоқаев Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады14:24Автонесие сайтына бір минутта 125 мың адам кірген11:48Президент жазушы Шерхан Мұртаза ескерткішіне гүл шоғын қойды15:36Абзал ҚҰСПАН, заңгер: ӘР ІСКЕ ӘДІЛ ҚҰҚЫҚТЫҚ БАҒА КЕРЕК11:03Алматы облысында жол апатынан екі адам өртеніп кетті11:16Андрей Чеботарев: Сайлаушылар жаңа партияларға дауыс бере алады10:10Шетелдік көліктерді заңдастыру: 5 мыңнан аса адам қазақстандық нөмір алды14:34Алматыда 8 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды12:30Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді09:57Қарағанды облысындағы карьерде жұмысшы қаза тапты13:05Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару туралы заң жобасы қаралды10:54Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды10:26БІЗ НЕ БІТІРДІК12:26Кәрім Мәсімовтің інісі аса ауыр қылмыстар жасады деп айыпталуда11:21Мемлекет басшысы әйелдердің зейнет жасына қатысты заңға қол қойды10:20Талдықорғанда журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімі берілді13:12Алматы: қаңтар оқиғасы құрбандарына арналған мемориал ашылды11:25Жыл басынан бері 93 адам пойыз астына түскен10:04Хәлің қалай, суретшілер одағы?14:05Елімізде несие және басқа да қарызын төлемей жүрген 7 млн борышкер бар13:47Келесі жылы да киіктерді атуға тыйым салынады12:51Астанада І Орталық Азия медиафорумы басталды11:25Бас прокуратура журналист Михаил Козачковтың ісіне қатысты пікір білдірді09:34Ақтөбеде балалар зардап шеккен жол апатында жүргізуші рульде қалғып кеткен15:14Журналист Михаил Козачков ұсталды11:26Месси шыңында. Аргентина әлем чемпионатында жеңіске жетті. Неліктен бұл керемет матч және тарихтағы ең жақсы финал болды?01:30Зақаш Камалиденов: Өзіңді өзің алдай алмайсың...17:36Президент: Мемлекетіміздің егемендігін, жеріміздің тұтастығын қорғау – әр азаматтың қастерлі борышы17:13YouTube ар-намысқа тиіп, пікір жазатын авторларды жазалайтын болды12:36