Қытай билігі Украинаға CoronaVac вакцинасының тасымалдануын тоқтататынын мәлімдеп отыр. Бұл туралы Associated Press дипломатиялық дереккөзі хабарлаған.
Қытай тарапының бұл әрекетіне Киевтің жоғары билігі Женевадағы Адам құқықтары кеңесінің ҚХР, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аймақтарындағы адам құқықтары мәселелерін терең зерттеу жөніндегі құжатқа қол қоюы себеп болыпты.
Осыдан кейін Бейжің украиналық контрагенттерге 500 мың доза медициналық препараттың тасымалдануын тоқтатуға мәжбүр екенін жеткізген.
«Украина Қытайдың құрбаны болды. Бейжің вакцинаны қару сияқты пайдаланып отыр», - деп пікір білдірген АҚШ Мемлекеттік хатшысының саяси істер жөніндегі орынбасары Виктория Нуланд.
Нәтижесінде 24 маусым күні Украина тарапы Шыңжаң-Ұйғыр мәселелері жөніндегі құжатқа қол қоюдан бас тартып, шегініс қадам жасады.
Украина Қытаймен 1,9 миллион доза вакцина жеткізу туралы келісімге келген. Бүгінгі күні Киев бұл мөлшердің 1,2 миллион жозасын алып үлгерді. Сонымен қатар, Украина америкалық Pfizer және Novavax вакциналарын, британ-швед өндірісінің AstraZeneca вакцинасын алуға келісім-шарт жасасқан.
Басып шығару