Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (Түркі кеңесі) бейресми саммитіне қатысу үшін 30-31 наурызда Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді.
«Біздің президентіміз Түркі кеңесінің бейресми саммитіне қатысу үшін Қазақстанның Түркістан қаласына 30-31 наурызда барады», - делінген Түркия басшысының әкімшілігі агенттікке жолдаған хабарламасында.
2009 жылдың қазан айында құрылған Түркі кеңесі - қазіргі заманғы түркі мемлекеттерін біріктіретін халықаралық ұйым, басты мақсаты - олардың жан-жақты ынтымақтастықты дамыту. Ұйымға Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кіреді, ал Венгрия бақылаушы ретінде қатысады.
Басып шығару