Зерттеушілер Халықаралық ғарыш станциясында (ХҒС) тіршілік ететін бактериялардың жаңа түрін тапты.
Сарапшылар төрт штамм да бұрын тек топырақта және тұщы суда кездесетін бактериялар екенін анықтады. Олар азотты бекітуге, өсімдіктердің өсуіне қатысады және өсімдік патогендерін тоқтатуға да көмектеседі.
Бір штамы Methylorubrum rhodesianum екені анықталды, қалған үшеуі жаңа түрге жатады. Бұл микроорганизмдер ХҒС-ның қатал жағдайында өмір сүре алатындығын ескере отырып, бұл бактериялар өсімдіктердің Жерден тыс жерде өсуіне мүмкіндік беретін «отынды» жасап шығуға көмектеседі деп күтілуде.
Басып шығару