Ресейдегі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Мелита Вуйнович адамдар қауіпсіздік шарасын сақтамаса коронавирус пандемиясының үшінші толқыны басталатынын айтты. Бұл туралы ол "Россия 1" телеарнасына берген эксклюзив сұхбтатта мәлімдеді.
«Екінші толқын. Иә, қазір дүние жүзі бойынша көрсеткіш төмендеп келе жатыр. Ұжымдық иммунитет әлі толық қалыптаспады. Егер қауіпсіздік сақтамасақ, иә, үшінші толқын болуы мүмкін. Ол адамдардың әрекетіне байланысты», - деді Вуйнович.
ДДСҰ өкілі пандемия қашан аяқталатынын айта алмады.
«Бірнеше критерий болады. Барлық өңірде бір мезетте науқас саны эпидемиологиялық шектен төмен деңгейге дейін азаяды. Бірақ ол кезде денсаулық сақтау жүйесінде бұл саланың жұмысына кедергі жасайтындай ауыртпалық түспейді. Бірақ ол қашан болатынын айту қиын», - деді ДДСҰ өкілі.