Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайға халықаралық сарапшылар делегациясын жібереді. Құрамына он шақты мемлекет өкілдері кіреді. Олар аспанасты еліне келесі жылдың қаңтарында аттанады. Мамандар коронавирустың қашан және қайдан шыққанын анықтаумен айналысады.
Сапар кезінде олар індет өршімей тұрып алынған медициналық үлгілер мен рентген суреттерді зерттейді. Сөйтіп, делегация өкілдері вирустың 2019 жылдың желтоқсанына дейін пайда болған-болмағанын анықтауды көздеп отыр. Сондай-ақ індеттің алғаш қай жануардан тарағанын білу үшін олардан да сынама алу жоспарланған.
Бабатунде Оловокуре, ДДСҰ өкілі:
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытай билігімен байланысын үзбей отыр. Біз халықаралық сарапшылар тобының құрамы мен олардың қай өңірлерге баратынын талқылап жатырмыз. Соның арқасында вирустың таралу бағдарын анықтауға ниеттіміз.