Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Еуропада тұратын мұсылмандар кемсітуге ұшырайтынын айтты.
Холокост апатынан кейін антисемитизммен қалай күрескен болса, бүгін де исламға деген қастықпен солай күресу керек, - деді Ердоған.
Оның айтуынша, Еуропада тұратын мұсылмандар өздерінің құқықтары мен бостандықтарынан айырылған. Түрік лидері мұндай бағыт «адамзаттың болашағына, әртүрлі мәдениеттердің қатар өмір сүруіне қауіп төндіретінін» баса айтты.
Басып шығару