Әзербайжанның Қорғаныс министрлігі Таулы Қарабақта Арменияның қарулы күштері оқ атып жатқанын мәлімдеді.
«Тертер мен Агдамға қарсы тарап оқ атып жатыр», - деп мәлімдеді қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Ал Арменияның Қорғаныс министрлігі Әзербайжан қарулы күштерінің пилотсыз ұшу зымыраны Капанға жақын Артсваник ауылына құлағанын айтты. Бір адам қаза тапқан.
Естеріңізге салайық, Әзербайжан мен Армения Мәскеуде өткен консультациялардың қорытындысы бойынша тұтқындар мен қаза тапқандардың мәйітін алмасу үшін гуманитарлық мақсатта 10 қазанда сағат 12:00-ден бастап атысты тоқтату туралы келіскен еді.
Басып шығару