Қазір Еуропада аурудың өсімі байқалады, бірақ қайтыс болғандар саны осы уақытқа дейін тұрақты, деді Еуропа бойынша аймақтық директор Ханс Клюге.
«Жағдай күрделене түседі. Қазан, қараша айларында біз өлім-жітімнің көбеюін көреміз», - деді Клюге.
Коронавирустың жылдам таралуына оқушылардың мектебіне оралуы мен тұмау маусымы себеп болып, жағдай нашарлауы мүмкін, - деді Клюге. Оның айтуынша, қазір Еуропада аурудың өсуі байқалады, бірақ қайтыс болғандар саны тұрақты.
Джон Хопкинс университетінің соңғы мәліметтеріне сәйкес әлемде 29 миллионға жуық адам коронавирус жұқтырған, олардың 922 мыңнан астамы қайтыс болған.
Басып шығару