ДДСҰ COVID-19 пандемиясы екі жылдан аз уақыт ішінде аяқталады дейді. Бұл туралы ұйымның бас директоры Тедрос Гебрейесус айтты.
Ол коронавирусты 1918 жылғы «испан тұмауы» індетімен салыстырды, ол да 2 жылға созылған болатын.
«Үлкен байланыстардың кесірінен вирус тез таралады, бірақ бізде оны тоқтататын технология бар. Бізде жаһандану және өзара байланысымызда кемшіліктер бар, бірақ технологияның да артықшылығы байқалады», - деді ұйым басшысы.
Еске салайық, 11 наурыз күні ДДСҰ COVID-19 коронавирус инфекциясын пандемия деп жариялады.
Басып шығару