Коронавирус Уханда өткен жылдың соңында емес, Қытай провинциясынан мың шақырым жерде 2012 жылы пайда болған деген болжам бар.
Американдық вирусологтар Джонатан Лэтэм және Эллисон Уилсон COVID-19-ге ұқсас вирустық белгімен алты кенші ауырып оның үшеуі белгісіз аурудан қайтыс болғаны туралы материал жариялаған.
Бұл мәліметтер COVID-19 пандемиясының пайда болуы туралы біз білетін барлық нәрсені қайта қарауға мәжбүр етті, дейді ғалымдар.
Дәрігерлер сол уақыттағы ауырған науқастарды жасанды өкпе желдеткіштеріне (ИВЛ) қосып, антибиотиктер берген. Науқастарда COVID-19-ға ұқсас белгілер болды: жоғары температура, құрғақ жөтел және аяқ-қолдардағы ауырсыну.
Қытайдағы ғалымдар COVID-19 Уханның базарларының бірінен 2019 жылы шыққан деп мәлімдеме жасауды жалғастыруда, бірақ кейбір әлемдік сарапшылар бұл нұсқаға күмән келтіреді.
2003 жылы Қытайдың базарлары пневмонияның "көзіне" айналған. Ғалымдар егер санитарлық нормаларға сәйкес келмесе, олар инфекцияның жаңа түрлерін таратуы мүмкін екенін бірнеше рет ескерткен.
Басып шығару