Коронавирус инфекциясы түрленіп, жастардың да бұл індетті жаппай жұқтыруы мүмкін. Бұл туралы ДДСҰ мәлімдеген. Ал Бразилия президенті Жаир Болсонару өз елінің азаматтарын бәрібір барлығы ауыратынын айтып инфекциядан қорықпауға шақырды.
Болсонару 7-шілдеде ауырып, 25-шілдеде инфекция тырнағынан аман қалған.
«Мен қауіпті топқа кіремін. Бірақ ешқашан қорықпадым, өйткені әйтеуір бір күні ауырып қаларымды білдім. Өкінішке қарай, меніңше, бәріміз бұл вирусты жұқтыратын сияқтымыз», - деді ол.
Ол аурудан айыққаннан кейін жақтастарымен әскери-азаматтық мектеп пен үйлердің салтанатты ашылуына қатысып, тілеуін тілегендерге рахмет айтты.
«Өкінемін, күн сайын түрлі аурудан қаншама адам өліп жатыр, өкінемін», - деді Болсонару.
Президент коронавирус инфекциясының таралауының алдын алу мақсатында жасалған әрекеттерді бизнес пен сауданың жолын жапқаны үшін қатты сынайды. Оның ойынша, бұл әрекеттердің барлығы – тиімсіз шаралар.
Басып шығару