Қазақстан: Ауыр пневмония кезінде қолданатын препарат белгілі болды

  • 30 июн, 16:47
  • Көрілім: 554


ДДСҰ бұған дейін "Дексаметазонның" аз дозаларын қолдану жағдайы ауыр науқастар арасындағы өлім-жітімді төмендетуі мүмкін деп мәлімдеді.

Қазақстан коронавирустық инфекцияны емдеу туралы хаттаманы толықтырды, деп хабарлады Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бұйрабекова өзінің Facebook-тегі парақшасында.

"Хаттамада амбулаториялық-емделу режимдері бар: «Гидроксихлорокин» және «Лопинавир / Ритонавир». Сонымен қатар, енді науқастар Жапония мен Ресейде Ковид-19 емінде кеңінен қолданылатын дәрі-дәрмектерді «Фавипиравир» аурухана деңгейінде ала алады. Жағдайы ауыр науқастардың еміне "Дексаметазон" қолданылады. Ковид-19 патогенезінің негізгі буыны микро және макро тромбоздың дамуы екенін ескере отырып, антикоагулянттық терапия схемалары жаңартылды", - деді Людмила Бұйрабекова.

ДДСҰ Еуропалық бюросының басшысы Ханс Клюге "Дексаметазонды" аз мөлшерде қолдану арқылы жағдайы ауыр науқастар арасындағы өлім-жітімді үштен бірге төмендетуге болатынын атап өтті.

ДДСҰ-ның бас директоры Тедрос Адан Гебрейесус Дексаметазон тек ауыр жағдайдағы науқастарға көмектеседі дейді.

«Бізде аурудың жеңіл түрлерін емдеу немесе асқынулардың алдын-алу үшін препараттың тиімділігі туралы мәліметтер жоқ. Дексаметазонның зиян келтіруі мүмкін екенін ұмытпаңыздар», - деді ДДСҰ басшысы.

Медицина қызметкерлері қазақстандықтарды өздігінен емделмеуге шақырады, өйткені дәрігердің рецептісіз дәрі қабылдау денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін.
Сондай-ақ оқыңыз

Пікір қалдыру