АҚШ президенті Дональд Трамп коронавирус эпидемиясының үлкен залал келтіретінін білгенін және жасырғанын мойындады.
«Мен бәрін білдім. Өте қорқынышты болатынын білдім. Бірақ жақсы болады деп ойладым. Пессимист болғым келмеді», - деді ол.
Оның бұл қылығына денсаулық сақтау саласындағы бірқатар мамандар сын айтты. Олардың ойынша, жағдайға ертерек қамданғанда адам шығыны аз болуы мүмкін екен.
Трамп алдағы екі аптаның өте ауыр болатынын жеткізді. Соңғы мәлімет бойынша, АҚШ-та 189 мың адам коронавирус жұқтырып, 4 мыңнан астам адам қаза болған. Жазылып шыққандар саны – 7 мың шамасында.
Басып шығару