Соңғы күндері қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің тергеу изоляторында қайтыс болуы ел ішінде де, сыртында да қызу талқы үстінде. Тіпті, Елордада наразылық митингі өтті. Көптеген адамдар өлімнің ресми себебіне күмәнданады. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сұхбатында қоғам белсендісі марқұм Дулат Ағаділдің өлімі туралы пікір білдірді.
«Көпшіліктің наразылығын ескере отырып, мен бұл мәселені мұқият зерттедім. Өкінішке орай, қоғам белсендісі Ағаділ жүрек ауруы салдарынан қайтыс болды деп сеніммен айта аламын. Басқаша айту - бұл шындыққа қарсы шығу. Адам өмірі ерекше және баға жетпес. Барлығымыз Алла Тағаланың қалауына құлақ асамыз. Иманды Болсын », - деді Президент.
42 жастағы марқұм Дулат Ағаділ әлеуметтік мәселелерді көтеретін және азаматтық құқықтар мен бостандықтарды сақтауды жақтайтын белсенді азамат болатын.