Оңтүстік Кореяда коронавирусқа қатысты жағдай нашарлайтын болса, Қазақстан нақты шешім қабылдауы мүмкін, деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов БАҚ өкілдерімен кездесуде.
«Біз Оңтүстік Кореядағы жағдайды қадағалап отырмыз. Егер жағдай нашарласа, науқастардың саны мен өсу қарқыны қауіп төндіретін болса біз батыл шаралар қолданамыз », - деді Біртанов.
Біз адамдарға ол жаққа баруды ұсынбаймыз, өйткені оларды кейінірек алып кетуге тура келеді. Қазір біз Кореядағы қауіп аса жоғары болмағандықтан,азаматтарымыздың барлығын қайтару мәселесін талқылап жатырмыз, - деді министр.
Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанның 30 мың азаматы Оңтүстік Кореяда, ал егер олардың 25 мыңы елге қайтатын болса, медициналық мекемелерде орындар жетіспеуі мүмкін.
Министр негізгі міндет пациенттердің қалыпты өмір сүру жағдайларын, гигиенаны, сондай-ақ тамақтану ережелерін сақтау керектігін еске салды.
Басып шығару