Жапондықтар төрт қазақты неге ұстап отыр?



Жапонияда круиздік кемесге түскен төрт қазақстандық әзірге карантин аймағында қалады. Олардың денсаулығына ештеңе қауіп төндіріп тұрған жоқ.

Денсаулық сақтау министрлігі біздің азаматтарымыз өздерін жайсыз сезінуге шағымданбағанын хабарлады. Коронавирустың белгілері оларда табылған жоқ.

Борттағы карантин келесі сәрсенбіде аяқталады. Кеше алғашқы 11 жолаушы кемеден шықты, бұлардың басым бөлігі 80 жастан асқан қарт адамдар. Дәрігерлер оларда вирустың бар-жоғын тексерді, нәтижесінде қауіпті вирус табылмады. Туристер жергілікті колледждердің бірінің жатақханасына уақытша орналастырылады.

Жалпы әлемде 64,5 мыңға жуық адам жаңа типті пневмониямен ауырды. Бұл негізінен Қытай азаматтары. Олардың ішінде 2000 дәрігер карантиндік аймақта жұмыс істейді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мынандай қорқынышты болжам жасады: вирустың жаңа түрі әлем халқының үштен екісіне әсер етуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз

Пікір қалдыру

Тек тіркелген пайдаланушылар пікір жаза алады.
Тіркеуден өтіңіз немесе кіріңіз