Mazir
11 фев 17:51korilim:20 768 Sayasat

ҚХР дұңғаны: Дұңғандар, сендер кінәлісіңдер!

Кешелі-бүгінді Қытайдың Шыңжаң аймағында тұратын дұңған азаматтың аудиожазбасы әлеуметтік желіге тарап кетті. Кей адамдар оны басқа мақсатта пайдаланып үлгеруде. Bairaq.kz порталы аталмыш аудиожазбаны сөзбе-сөз аударып, оқырман назарына ұсынуды жөн санады.

«Ассалаумағалейкум! Бір-екі күн шамасында Қазақстанның Қордай деген жерінде Чжан Си (Масанчи) қыстағында болған дұңғандар мен қазақтардың төбелесін естіп, ашудан жарыла жаздап отырмын. 

Ондағы дұңған бауырлар, қазақтарды сабапсыңдар, тіпті, жасы сексенге таяған мүгедек қарияға да жұдырық жұмсап, онымен қоймай полиция қызметкерлерінің жағасына жармасыпсыңдар. Бұл не қылған бассыздық! Қандай адамсыңдар сендер?!

Қазақтар - біздің досымыз, діндесіміз, олар да мұсылман. Ұлы пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с. «Егер мұсылман мен мұсылман төбелессе не соғысса, ұрған кісі де, таяқ жеген кісі де, өлген кісі де, өлтірген кісі де тозаққа барады» деген. 

Менің қанымды қайнатқаны – масанчи қыстағындағы діндар молдалардың қылығы. Жастар полиция қызметкерлерінің жағасына жармасып жүргенде тізіліп қарап тұрсыңдар. Сендер сақалдарыңды сапситып аталарыңның басына қарап тұрсыңдар ма?! Намаз оқисыңдар ғой! Неге үкімет адамдарының жағасынан алған жастарды тоқтатпайсыңдар?! Құдай бар! Мұсылмандар басқаларды сабырға шақырмаса оны Алла жазалайды! Жаным күйіп барады! 

Біразың қырғызға қашып барыпсыңдар. Ол жаққа үдере өтіп айғай-шуды көбейтпеңдер!  

Сол жерде қолына «Құран» ұстап жүргендерге айрықша ескерту жасаймын! Сендер Қазақстанға барғалы жүз жылдан асты. Сол жердің суын ішіп, нанын жеп, жерін жайлап жатырсыңдар. Рахмет айтудың орынына сол халыққа секіріп, тайраңдайсыңдар. Не қылған адамсыңдар өзі?! Біздің дінімізде осындай тәрбие берілді ме?! 

Мен сол Қазақстандағы Масанчиде тұратын бірнеше ақсақалмен сөйлестім. Сендер өзі қазақ тілін білмейді екенсіңдер, жүз жылдан артық өмір сүріп отырып, қазақ тілін үйренбейді екенсіңдер. «Жүндібастардың» (Қытайдағы дұңғандар орыстарды осылай атады) тілін ғана үйренген екенсіңдер! Не үйренгенсіңдер ол тілмен?! Басқалардың жақсылығын үйреніңдер! Ол жерге балдай батып, судай сіңулерің керек!  Балдай батып, судай сіңулерің керек! 

Мен Шыңжаңның дұңғаны, мұсылманы ретінде Масанчидағы бауырларымның қылығына қатты күйіндім, түңілдім! Егер жүректеріңде аз ғана ұят болса, дереу барып қазақтардан кешірім сұраңдар! Дәл осы жолғы оқиғаның өршуіне кінәлі – сендерсіңдер! Ойпыр-ай, ұяттан жерге кіріп тұрмын», - дейді. 

Ескерту: Аудиожазбадағы сөздер қаз-қалпында, редакцияланбай аударылды. 

Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15