Mazir
19 май 17:55korilim:722 Sayasat / Qazaqstan

Тіл қайраткерін ардақтады


2022 жылғы 19 мамыр күні сағат 11:00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы А.Байтұрынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде елімізге танымал тұлғалар мен білім беру ошағының ұжымы Қайрат Мамаділдің өмірі мен шығармашылығына және аудиториясының ашылу салтанатына арналған «Дөңгелек үстел» ұйымдастырды.
Қайрат Асылбекұлы Мамаділ 1962 жылдың 18 қазанында Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Үшбұлақ ауылының тумасы. Жалынды жігіт 1983 жылы Қарулы Күштер қатарында азаматтық борышын өтеп оралған соң, екі жыл Алматы үй құрылысы комбинатында құрылысшы болып жұмыс істеді. 
Талапты да талантты жас 1985-1990 жылдары Абай атындағы ҚазПИ-дің филология факультетінде белгілі әдебиет сыншысы, академик Серік Қирабаев, профессор, жазушы-ғалым Нығмет Ғабдуллин және Асхат Әбілқаев, Фатима Мұсабекова, Ғабдолла Қалиев, Немат Келімбетов, Серік Мақпырұлы, Мереке Жаманов, Секерхан Хасанова, Тұрсын Сыдықов т.б. жоғары білікті ғалым-ұстаздардан дәріс алып, үздік бітіріп шығады.
1990-1993 жылдары Абай атындағы ҚазПИ аспирантурада оқыды.

1996 жылы белгілі тілтанушы профессор Нұржамал Оралбайдың жетекішілігімен кандидаттық диссертация қорғады.
1990-1997жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ-дың қазіргі қазақ тілі кафедрасында оқытушы, аға оқытушы қызметтерінде болып, қазақ филологиясы факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 1997-2002 жылдар – Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың қазақ тілі кафедрасында аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің бастығы. 2002 жылдың желтоқсан айынан өмірінің соңғы күндеріне дейін Еуразия гуманитарлық институты қазақ және орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі болып істеді. 
Бес оқу құралы, 60-тан астам ғылыми мақаланың авторы. 
Өмірінің соңғы жылдары «Еуразия гуманитарлық институты хабаршысы» ғылыми журналы редакциялық алқасының мүшесі, «Қазақ білім академиясы баяндамалары» ғылыми журналы редакторының орынбасары қызметін атқарды
1996 жылы филология ғылымдарының кандидаты дәрежесіне ие болып2004 жылы тіл білімі доценті атанды.
2020 жылы арысымызды сұм ажал арамыздан алып кетті. 
Іс-шараны Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры, ҚР ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы жүргізді. 
А.Байтұрсынұлы атындағы № 48 мектеп-лицейінің директоры Зәуре Садықова, Алматы ауданының әкімі Нұрбол Төлегенұлы Нұрсағатов кіріспе сөз сөйлеп, көрнекті ғалым, құрметті әріптес туралы Еуразия гуманитарлық институтының проректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қадыр Ахметов, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Серік Нығметоллаұлы Негимов ой бөлісті.   
Бұдан басқа педагогика ғылымдарының докторы, профессор Тазагүл Мұқашқызы Әбдікәрімова, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Жантас Жақыпов, М.С.Нәрікбаев атындағы KAZGUU университетінің оқытушысы Күләш Шаймерден, Павлодар педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Бекен Сағындықұлы, Назарбаев университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Сарқыт ӘлісжанНазарбаев университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Жазира Ағабекова, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты Ардақ Бейсембай Қайрат Асылбекұлы туралы жүрекжарды лебіздерін ортаға салды.
Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15