Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев террорлық актілерден зардап шеккен Алматы қаласына арнайы келді.
«Сіздер менің Алматыда туып өскенімді, оқығанымды білесіздер. Қазір біздің алдымызда қаланы аз уақыт ішінде қалпына келтіру міндеті тұр. Бұл – мен үшін Президент және елдің азаматы ретіндегі ардың ісі болып саналады. Үкіметке қаланы қалпына келтіру, бұрынғысынан да көркейте түсу міндеті жүктелді», - деді ол.
Президент үкіметтік комиссия мен әкімдікке біріге отырып, инфрақұрылымдық нысандарды және бейнебақылау жүйесін қалпына келтіруді тапсырды.
Басып шығару