Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО елдеріне машина жасау саласына арналған микрочиптердің бірлескен өндірісін құруды ұсынды.
Мемлекет басшысы цифрлық өнімдер мен электрондық қызметтерге бұрын-соңды болмаған сұраныс үшінші жыл қатарынан жалғасып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, тек эксклюзивті және инновациялық технологиялық шешімдер үшін ғана емес, қарапайым цифрлық шығын материалдары үшін де күрес жүріп жатыр.
– Бүгіннің өзінде жаһандық машина жасау нарығында микрочиптер мен компьютерлік элементтердің жетіспеушілігінен жүйелі ақаулар байқалуда. Біздің елдеріміздің машина жасау саласы да бұдан алыс емес. Біздің үкіметтерге ғылыми-зерттеу институттарының көмегімен машина жасау өнеркәсібі үшін микрочиптер мен компьютер элементтерін өндіру бойынша бірлескен ынтымақтастық жобаларын іске асыру мәселесін пысықтауды тапсыру ұсынылды, - деді Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық комиссия отырысында.
Басып шығару