Бундестаг Германияның жаңа үкіметін бекітті. Олаф Шольц канцлер болса, Ресей мен Қытайға қаталдық танытатын Анналена Бербок Германияның Сыртқы істер министрі болды.Бұл үкімет сайлауда төрт рет жеңіске жеткен Христиан-демократиялық одақ партиясын басқарған Ангела Меркельдің кабинетін ауыстырады.
Қыркүйек айының соңында өткен соңғы сайлауға Меркель қатыспады. Үш жыл бұрын ол 2021 жылы зейнетке шығатынын мәлімдеген және оның партиясы жеңіліске ұшырады.
Нәтижесінде Меркель 16 жыл 15 күн бойы Германия канцлері қызметін атқарды. Егер жаңа коалиция туралы келіссөздер тағы 12 күнге созылса, ол Гельмут Кольды айналып өтіп, Отто фон Бисмарктен кейінгі ең ұзақ қызмет еткен Германия канцлері болатын еді.
Басып шығару