Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстан коронавирустың 4 толқынынан өткенін айтты.
– Бүгінде Қазақстан коронавирустың төрт толқынынан өтті. Олар коронавирус инфекциясының жаңа нұсқаларының пайда болуымен байланысты. Кейінгі кезде ауру өсімі кезінде бір тәуліте 7800 жағдай тіркелді. Коронавирус бойынша уақытында алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды қолдану аурудың тарауын ұстап тұруға және елдегі эпидахуалдың тұрақтануына себеп болды. Бүгінде коронавирус бойынша эпиджағдай тұрақты. Бір тәулікте 2000-ға жуық жағдай тіркеліп жатыр, – деді министр Цой.
Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, коронавирус инфекциясының таралуы тұрғысынан эпидемиологиялық жағдай тұрақталған.
Басып шығару