Тараз қаласы маңындағы әскери бөлімдегі қару жарақ қоймасынан шыққан өрт пен жарылыстар салдарынан 17 адамның өмірін қиылды. 18 отбасын асыраушысынан айырған оқиға кезінде жоғалып кеткен әскери бөлімнің қызметкері Бауыржан Дәуітбаевты іздеу жалғасуда.
Іздеу жұмыстарына төрт туысы, орман шаруашылығының 6 қызметкері, ұлттық ұланның 200 сарбазы, төтенше жағдайлар департаментінің 22 қызметкері мен екі ауыр көлік, 45 полиция қызметкерлері 22 экипаж болып атсалысуда.
Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Фахридтин Шанкаровтың айтуынша, Ақыртастан бастап Ақыртөбеге дейін әрбір үңгір, шаруашылық үйлер барлығы қаралу керек.
Еске салайық, 26 тамызда Байзақ ауданында орналасқан 28349 әскери бөлім аумағында болған өрт пен жарылыс кезінде 17 азамат қаза тауып, бір адам хабар-ошарсыз кеткен. Қаза тапқандардың арасында – азаматтық қорғау органдарының 10 қызметкері, Қорғаныс министрлігінің 6 әскери қызметшісі және әскери прокурор бар.
Басып шығару